Конституцияның жаңа жобасы: өзгеріс енгізу тек бүкілхалықтық референдум арқылы мүмкін болады

Жаңа Конституция бойынша нақты шешімді еліміздің азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды.

Жоба азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың нәтижесінде түзілді. Конституциялық реформа Мемлекет басшысының Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында айтқан болатын. Сөйтіп бір айдан кейін  Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Талқылауларға барлық белсенді азаматтар қосылып, өз пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдай бастады. Осылайша жаңа реформаны кеңінен әрі қарқынды талқылау шамамен алты айға созылды. Осы кезең ішінде Жұмыс тобы азаматтардан түскен екі мыңнан астам ұсынысты жан-жақты қарап, жүйелеп шықты. Биыл 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына  130 адам кірді. Қазақстанның барлық әлеуметтік топтары мен аймақтары толық қамтылды. Жұмыс барысында Комиссия мүшелері республиканың Ата Заңының барлық негізгі түзетулерін жан-жақты қарап шықты. Бұл түзетулер Конституцияның барлық бөлімдеріне және 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84%-ын қамтыды.

Конституциялық комиссия құрылды - 21 қаңтар 

Конституциялық комиссия құрамы - 130 адам

Түзету - 84%

Ұсыныстар қабылдау  - e-Otinish және eGov порталдары