Respublica партиясы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жаңа Конституция жобасы - азаматтардың құқығы мен қадірін алдыңғы орынға қойып отыр. Бұл туралы бүгін Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысында айтылды.

Жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, Парламент пен Мәслихат депутаттары, әйелдер және жастар қанатының өкілдері қатысып, жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылады. Партияластар жаңа Конституция жобасын қолдайтындығын жеткізді.  Қатысушылар бұл құжатты азаматтардың әл-ауқатына бағытталған, әділетті әрі берік мемлекет құрудың негізі деп бағалады.

Екатерина Смолякова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өзіміздің ата-баба заманынан  жалғасып, ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан дәстүрлеріміздің тарихи, ұлттық, мәдени құндылықтарымызды сақтау және оларға ерекше мәртебе беру басты дүние болып табылады. Конституцияның түп негізі, түп тамыры. Себебі барлық нәрсе, жалпы өмір, тәрбие, бала тағдыры, ұрпақ тағдыры отбасынан басталады. Сондықтан отбасына, отбасылық құндылықтарға, отбасы институтын нығайту, бұл - болашақты нығайтумен тең. Сонымен қатар Конституцияда мәдениет, білім, ғылым, инновациялар, технологияларға ерекше көңіл бөлінген.