«Ақ жол» партиясының депутаттары Ата Заң жобасын талқылады

Жаңа Конституцияның преамбуласы тарихи сабақтастық қағидаттарына сүйене отырып әзірленген. «Ақ жол» партиясының өкілдері осылай дейді.

Талқылауға Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Серік Ерубаев, Олжас Нұралдинов, сондай-ақ онлайн режимде өңірлерден партия мүшелері қатысты. Жиылған қауым бір палаталы Парламентке көшу бойынша да пікір алмасты. Жаңа Конституцияда ұлттық мүдделер мен құндылықтарға ерекше назар аударылғаны атап өтті. Отбасы мен неке ұғымына қатысты жаңа ережелер қамтылғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ депутаттар Пленумға ұсынылатын ортақ ұстанымдарын дайындады.