Пәкістан – тарихи-мәдени мұраға бай ел

Пәкістан Оңтүстік Азиядағы ең ірі әрі ықпалды мемлекеттің бірі.

Халқының 96%-ы мұсылман. Ел көне өркениеттер мұрасын сақтау мен заманауи даму бағытын қатар алып келеді.

Аспанмен таласқан таулар, кең жазықтар және теңізге шығатын жағалау Пәкістанның табиғи әлеуетін өсіріп, экономикалық тұрғыда маңызды аймаққа айналдырды.

Пәкістан халқы қонақжайлығымен, дәстүрге берік болмысымен және ашық мінезімен ерекшеленеді. Халқы 240 миллионнан асатын бұл мемлекет бірнеше мәдениет пен өркениет тоғысқан кеңістікте орналасқан. Географиялық тұрғыдан алғанда, ел Оңтүстік Азиядағы стратегиялық маңызы зор аймақ саналады. Орталық Азия, Таяу Шығыс және Қытай бағыттарын байланыстырып, өңірлік деңгейдегі ықпалын күшейтіп отыр.

ЦИТАТА: 

Самеер Ашфах, фотограф:

- Пәкістан туралы айтылатын пікірлер сан алуан. Алайда бұл елге табан тіреген адам мұндағы халықтың қонақжай екенін бірден сезеді. Қонақты құрметтеу пәкістандықтардың күнделікті болмысына сіңген асыл қасиет.

ПӘКІСТАН 

Ұлттық асханасы да туристерді бей-жай қалдырмайды. Ас мәзірінде бирьяни, нихари, түрлі кебабтар мен карри тағамдары ерекше орын алады. Асханасымен қатар Пәкістан мәдени мұраға бай мемлекет ретінде танымал. Мұнда көне өркениеттерден қалған тарихи қалалар мен сәулет ескерткіштері сақталған. Елдің таулы өңірлері, әсіресе Қарақорым мен Гималай сұлу табиғатымен туристерді ерекше тартады. Кейінгі жылдары Пәкістан мәдени туризмді дамытып, тарихи нысандарды қалпына келтіру мен туристік инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда.

ЦИТАТА: 

Александр Абрамов, альпинист:

Пәкістан - табиғаты әсем, мәдениеті терең ел. Мұндағы таулардың сұлулығы ерекше әсер қалдырады. Биік шыңдар мен кең аңғарларды көрген сәтте уақыттың өзі тоқтап қалғандай сезіледі. 

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы саяси серіктестік жылдар бойы нығайып, өзара сенім мен құрметке негізделген тұрақты диалог деңгейіне жетті. Соның нәтижесінде бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылып, ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінде тараптар сауда, энергетика және көлік салаларында серіктестікті тереңдетуге басымдық беріп отыр.

Динара Орынтай