Қазақстан мен Франция арасындағы саяси кеңестердің XI раунды өтті
Парижде Қазақстан мен Франция арасындағы саяси кеңестердің он бірінші раунды өтті.
Кездесуге еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің Құрлықтық Еуропа департаментінің директоры Брис Рокфей қатысты. Басқосуда стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мен экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық талқыланды. Франция - маңызды еуропалық инвесторлардың бірі. Қазір еліміздегі француз инвестициясының жалпы көлемі шамамен 21 миллиард АҚШ долларын құрайды. Климаттық күн тәртібі де назардан тыс қалмады. Биыл сәуір айында елімізде өтетін БҰҰ-ның өңірлік экологиялық саммитіне француз серіктестерін белсенді қатысуға шақырды. Тараптар сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін жеткізді. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша ұстанымдардың жақындығын атап өтті.