Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Жаңа Конституция жобасы кемел келешекке бағдарланған маңызды құжат. Ол адам құқықтарын басты құндылық ретінде бекітеді.
Тарихи бастаманың барысы бүгін бас қалада өткен сараптамалық жиында жан-жақты талқыланды. Конституция жобасының негізгі ережелері, оның тұжырымдамалық мазмұны таныстырылды. Сарапшылардың пікірінше, Конституция жобасы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырып, қоғамды одан әрі демократияландыруға жағдай жасайды. Парламенттің, сот жүйесінің, азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге күш салады. Сондай-ақ тағы бір маңызды тұсы билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді неғұрлым теңгерімді бөлуге мүмкіндік жасамақ.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ең негізгісі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі мызғымайтындығы мемлекет осы екеуін қорғайтындығы жөнінде жазылған. Мұндай баптар бұрыңғы Конституцияда жоқ. Сондықтан бұл Ата Заң біздің халқымызды алда келе жатқан әртүрлі катаклизм болса, соған топтастыра білетін және тәуелсіздік мызғымастығын арттыратын мехиназимдер енген құжат болып табылады.