Жаңа Конституция жобасы. Қостанайда коалиция құрылды
Қостанайда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы құрылды.
Оның құрамына 54 адам кірді. Басым бөлігі елдегі жетекші бес саяси партияның мүшелері. Сондай-ақ коалицияға біріккендер қатарында мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен сарапшылар бар. Олар алдағы референдумға азаматтардың белсенді қатысуын қамтасыз ету үшін, ауыл-аймақтарда жиын, кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Кенжеш Аманова, өңірлік коалиция мүшесі:
- Бүгін облыстық коалиция құрылып отыр. Құрамында бірнеше мыңдаған еңбек адамдарының көзқарастары мен құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақ өкілдері, адвокаттар мен заңгерлер бар. Ондағы басты мақсат еліміздегі, өңірдегі бірқатар ауыл-аймақтарда, еңбек ұжымдарында осы жаңа Коституцияның жобасын жалпылама түсіндіру.