Алматыда Конституция реформасы жөнінен өңірлік коалиция жұмысын бастады

Алматыда  «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» республикалық бастамасы аясында қалалық Коалиция құрылды.

Алғашқы отырысында коалиция жұмысының құрылымы айқындалып, оның дербес құрамы мен басшылығы бекітілді. Сондай-ақ қызметінің басым бағыттары белгіленді. Негізгі міндет — кең ауқымды қоғамдық-саяси коалиция қалыптастыру және алдағы республикалық референдум мәселелері бойынша халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жалпыұлттық коалиция өңірлік құрылымның құрамына мегаполистің қоғамдық-саяси институттарының 200 өкілі мүшелікке қабылданады. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, саяси партия өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, ғылыми-сарапшылық қауымдастықты, зиялы қауым, ардагерлер және жастар ұйымдарының өкілдері бар.

Дидар Ділдабек, Алматы қ. «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы:

- Коалицияның жұмыс жоспары бекітілді. Атқарылатын жұмыстардың барлығы дерлік осы халыққа түсінікті болатын әрбір жұмыс орындарында ашық пікір алмасулар бір толқында секілді жобалар осы референдумды, жаңадан қабылданайын деп жатқан заң жобаларын талқылауға байланысты әртүрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылады.