Президент жанындағы ҚСЗИ жаңа Конституция жобасын талқылады

Академиктер, саясаттанушылар және Алматыдағы қоғамдық ұйым өкілдері Жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесуді Президент жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Қатысушылар жобаның негізгі ережелерін егжей-тегжейлі талдап, мемлекеттік институттардың жұмысына және жалпы басқару жүйесіне қалай әсер ететінін бағалады.

Айдар Әмребаев,философия, саясаттану және дінтану институтының салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының басшысы:

- Парламент Құрылтай деп аталады. Енді сол Құрылтай атқарушы және сот билігімен қалай байланыс жасайды? Сондай-ақ, Халық кеңесінің өкілеттілігі қандай болатыны да қызық. Әділетті Қазақстан құрылыуы үшін осы институттардың барлығы бірлесе жұмыс істеуі маңызды.