Жаңа Конституция жобасында ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген

Бұл білім саласын күшейтіп, жас ғалымдарды тың ізденіске бастайды.

Бұл туралы Көкшетаулық педагогтармен кездескен мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімова айтты. Ол жаңа құжатта ғылым және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғанын атап өтті. Сондай-ақ алда өтетін референдумның маңыздылығына тоқталды. Жалпы ғалымдар мен ұстаздар конституциядағы білім саласындағы жаңашылдықтарды қолдап отыр.

Аманбай Сейітқасымов, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Білім шын мәнінде халыққа, мемлекетке қызмет ететін, одан кейін Қазақстан азаматтарына тең құқылы дәреже де берілетіндігі, Қазақстан азаматы жоғары білім алуға, мемлекеттік грант алуға құқылы. Міне осының бәрі нақты жазылған. Жоғары оқу орындарында ғылыми жобаларға қолдау, ғылымды қаржыландыру, ғылымның әлеуетін көтеру, ғылыми мамандарды даярлауға көп мән беріліп жатыр.

Айна Мысырәлімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір халықтың көбі конституциядағы өзгерістер туралы білсе де, нақты қандай толықтырулар еңгізілгенін түсінбей жатыр. Сондықтан біз осылай қала, аудандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын қолға алдық. Қарапайым тілмен Ата заңдағы жаңашылдықтарды жұртшылыққа жеткізіп жатырмыз.