Мемлекет басшысы Вашингтонға жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басышсының ұшағы жаңа Вашингтонға қонды.
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді. Бұдан бөлек, америкалық ірі компания жетекшілерімен кездесу жоспарланған.