Олжас Бектенов Үндістан премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Қазақстан онлайн-қызметтер сапасы бойынша әлемдегі ең үздік ондыққа кіреді. Ал БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 елдің ішінде 24-ші орынға тұрақтаған.

Осылайша, еліміз нық қадам жасап, өңірлік цифрлық орталыққа айналып жатыр. Премьер-министр Олжас бектенов India AI Impact Summit 2026 саммитінде осылай деді. Үкімет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізді. Тараптар сауда және инвестициялар, энергетика, агроөнеркәсіп кешені мәселесін талқылады. Цифрландыру және ЖИ бағыттары да шет қалмады. Қазақстан Үндістан нарығына 40 тауар түрі бойынша 150 млн долларға өнім көлемін ұлғайтуға дайын. Маңызды минералдар мен сирек жер элементтері, ғарыш, қорғаныс өнеркәсібінде ынтымақты арттыруға келісті.