Сенаторлар жаңа Конституция жобасын түсіндіру үшін өңірлерге барады
Сенат депутаттары Жаңа Конституция жобасының мәнін халыққа кеңінен түсіндіру үшін аймақтарды аралайды.
Бұл ретте оларға халықтың талап-тілегі мен ұсыныстарын зерделеу жүктеліп отыр. Алдағы маңызды міндеттемелерді сенаторларға жоғары палата спикері атап өтті. Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, конституциялық өзгерістер Президентіміздің саяси бағдарының жүйелі жалғасы.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мемлекет басшысы жарлығымен жаңа ата заң жобасына байланысты 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Ертеңнен бастап конституциялық реформалардың мәнін халыққа түсіндіру үшін жұмыс сапармен өңірлерге барасыздар. Осы ретте кездесуде конституциялық өзгерістер президенттік реформалардың жүйелі жалғасы екеніне баса мән беруіміз керек. Сондай-ақ бұл саяси бағдар "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасының институтционалдық негізі екенін айтуымыз қажет. Қолға алынған бастамаларды азаматтардың дұрыс түсініп, қабылдауы реформалардың табысы болуының кепілі. Сондық конституциялық реформалардың мәнін халыққа баяндап қана қоймай, ашық диалог құру аса маңызды.