Президент Жарлығымен Игорь Романов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды

Президент Жарлығымен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойына орай Игорь Матвеевич Романов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.

Ол ұзақ уақыт бойы орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметін басқарды.