Сербия президенті Астанаға ресми сапармен келді
Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді. Мәртебелі мейменды елорда әуежайынан Үкімет басшысы Олжас Бектенов қарсы алды.
Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда. Айта кету керек, Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, 107 млн доллардан асқан.