Әлеуметтанушылар Ата заңдағы өзгерісті талқылады

Ата заңдағы өзгеріс әлеуметтанушылардың талқысына түсті.

Бүгін «SARAP» эксперттік клубының өкілдері конституциялық реформаның әлеуметтік әсері мен оның азаматтардың өмір сапасына тигізер ықпалын өлшеу төңірегінде әңгіме өрбітті. Әлеуметтік мемлекет мазмұнын бағалаудың заманауи тәсілдеріне көз жүгіртіп, қолданыстағы реформалардың тиімді тұстарына тоқталды.

Алма Шайқымбайқызы, әлеуметтанушы:

"Бүгін талқыланып жатқан негізгі мәселе - бұл 32-баптағы денсаулық сақтау мен 33-баптағы орта білім беру жүйесіндегі тегін емес, мемлекеттің қаржыландыруымен деген бағытта өзгеруі, иә? Бұл бір шетінен осы бағытқа жұмсалатын бюджетті қадағалау формасына да кепілдік береді, екіншіден, "айтылған нәрсені орындау үшін оның жүзеге асыру механизмдері де "айқын болуы керек".