Қазақстан мен Сербия ынтымақтастығы арта түседі

Бұл туралы Сербия президенті Александр Вучич пен Премьер-министр Олжас Бектеновтің кездесуінде айтылды.

Тараптар қос елдің ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі уағдаластықты жүзеге асыру мәселелерін талқыланды. Инвестиция, көлік-логистика, цифрлық сала және ЖИ, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру және тағы басқа салалардағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды. Сербия Президенті Қазақстанмен аталған бағыттар бойынша әріптестікті дамытуға ұмтылысын растады.