Алматыда тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы құрылды
Жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін республикалық референдум қарсаңында Алматыда тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы құрылды.
Ол Қоғамдық коммуникациялар орталығы базасында жұмыс істейді. Негізгі мақсат – дауыс беру күні халыққа жедел, нақты әрі тексерілген ақпарат ұсыну. Референдум күні 10-нан аса аймақтан тікелей ақпарат таратылады. Журналистер учаскелерде референдумның өту барысын, халықтың белсенділігін және жалпы жағдайды өз көзімен көре алады. Штаб мемлекеттік органдардың жұмысын алмастырмайды. Оның міндеті – қоғамға шынайы мәлімет ұсынып, референдумның ашық өтуіне ақпараттық қолдау көрсету.
Нұржан Мұхамеджанова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, медиаменеджер:
- Енді бір штаттан тыс оқиғалар орын алып жатса, сол оқиға орнынан шынайы хабарларды таратуды қамтамасыз ету. Біздің жұмысымызда жаңағыдай ашықтық, жариялылық сондықтан кез-келген учаскесіне барып, сол учаскідегі референдумның өту барысын, оған халықтың келуін олардың көңіл күйін, соның бәрін өз көзімізбен көріп, шынайы түрде ақпарат таратуды мақсат етіп отырмыз.