10 наурызда Үкімет отырысы өтеді

primeminister.kz

Сейсенбі, 10 наурыз күні 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі: тұрғын үй құрылысын дамыту мен цифрландыру.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев;

«Отбасы банк» АҚ басқарма  төрағасы Ләззат Ибрагимова;

«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаев қатысады.