Мәслихаттардың әлеуеті күшейеді
Астанада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Отырыс барысында Президент сөз сөйлеп, Мәжіліс депутаттары мен өңірден келген делегаттар түйткілдерді ортаға салды. Мемлекет басшысы: «Мұндай жиын өңірлік саясаттың тиімділігін бағалап, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді», - деп елде тарихи өзгерістер жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. «Еліміз мемлекеттік басқару жүйесін, экономиканы және әлеуметтік саланы түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Бұл орайда мәслихаттардың алдында тұрған миссия – айырықша». Президент өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала беретінін айтты. Атап айтқанда, мәслихаттардың әлеуетін одан әрі күшейту үшін бірқатар міндетті орындау керек.