Жаңа Конституция мемлекет беделін арттырады
Жаңа Конституция еліміздің Орталық Азиядағы сенімді әрі тұрақты мемлекет ретінде беделін күшейтуі мүмкін.
Малайзиядағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер институтының сарапшысы Каррем Кассим осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, жаңа Парламенттік модельмен қатар азаматтарды сот арқылы қорғау кепілдіктерінің кеңеюі халықаралық серіктестердің сенімін арттырады. Сонымен қатар жаңа Конституция мемлекеттің құқықтық институттарды нығайтуға және халықаралық нормаларды ұстануға бағытталғанын көрсетеді, - дейді. Ал халықаралық қауымдастық үшін құқықтық жүйенің тұрақтылығы маңызды.
Каррем Кассим, Малайзиядағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер институтының сарапшысы:
- Малайзияда кезең-кезеңмен жүргізілетін реформалардың маңызын жақсы түсінеді. Мұндай өзгерістер Қазақстанның өңірдеге сенімді серіктес ретіндегі беделін одан әрі нығайтады. Жалпы алғанда, бұл жекелеген түзетулер ғана емес, басқару жүйесін жаңартуға бағытталған ауқымды қадам. Ол елдің саяси жүйесіне нақты әсер етуі мүмкін.