Президенттің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза айтқа орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келді. 

Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия секілді бауырлас мемлекеттердің басшылары бар. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірлігі, Үндістан, Пәкістан сынды елдерден де құттықтау хаттар келді. Ислам ынтымақтастығы мен Түркі мемлекеттері ұйымдарының жетекшілері, ИСЕСКО бас директоры ақжарма тілектерін жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.