«Жасыл» саяси партияларының жиыны

«Жасыл» саяси партиялар стратегиялық бағдарламаларын басқаша жазып жатыр. Өзгеше әрекетке көшуге әлемдегі жайсыздық әсер еткен.

Елордада 5-ші халықаралық экологиялық конгресс өтіп, оған Орталық Азиядан мүдделес партиялар жиналды. Климат төңірегіндегі түйткілден Ауғанстан, Литва, Ресей, Моңғолия, Швеция және Финляндия өкілдері де тыс қалмады. Осы ретте Президенттің «Экологиялық жауапкершілік және цифрлық шындық» бастамасының жалғасы ретінде «Жасыл күн тәртібі 2.0» тұжырымдамасының таныстырылымы өтті. Экология жанашылары «Жасыл қорын» құрып, қаржы тартуды мұрат етіп отыр. Халықаралық эколог-ғалымдар кеңесін қалыптастыру бастамасы да көтерілді. Сондай-ақ «ARAL» саммитіне төрағалық ету өкілеттілігін Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Қырғызстанның Жасылдар партиясына тапсыру рәсімі өтті.

Азаматхан Әміртаев, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:

- Шығыс Еуропада болып жатқан жағдай. Таяу Шығыста болып жатқан жағдай. Ядролық қару көтеріліп жатыр. Ал оның экологияға қандай кері әсері бары түсінікті бәріне. Сондай-ақ Иранда үлкен мұнай өндірістеріне соққы жасады. Аспанға шыққан түтіні Қазақстанға да, Орта Азия елдеріне де әсер етеді. Соған байланысты біз қазіргі стратегиялық бағдарламаларды өзгерту керек. Өзгерткен кезде ғана болатын жағдайларға алдын ала қарсы тұра аламыз.