Көп жақты институттарға деген сенімге селкеу түспесін
Халықаралық құқықтың негізі саналатын Біріккен Ұлттар ұйымы Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады.
Әйтсе де, ол – қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес. Біз беталысы беймәлім аумалы-төкпелі кезеңде жүздесіп отырмыз. Саммитте осылай деген Мемлекет басшысы бұл кезеңнің салдарына да тоқталды. Яғни оның зардабы өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа, миллиондаған адамның тұрмыс сапасына қаншалықты ауыр тиіп жатқанын егжей-тегжейлі айтудың қажеті жоқ. Ол даму жолындағы күрмеуі қиын экологиялық проблемаларға жұмсалуға тиіс ресурстардың зая кетіп жатқанын Президент тілге тиек етті.
ЦИТАТА
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Халықаралық қоғамдастық ерекше рөл атқарады. 80 жыл бұрын құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы әлі күнге баламасы жоқ, әмбебап диалог алаңы екені сөзсіз. Алайда одан бері әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жасанды интеллект бүкіл адамзат санасын жаулап, күнделікті өмірге дендеп енді. Біз БҰҰ Жарғысындағы қағидаттарды халықаралық қарулы қақтығыстарға қатысты өз ыңғайымызға қарай қолданудан аулақ болуымыз қажет. Сонымен қатар көпжақты институттарға деген сенімге селкеу түспеуі керек. Дегенмен маңызды халықаралық мәселелерді шешуге олардың абырой-беделі жетпей жатқаны өкінішті.