Қ.Тоқаев: Геосаясаттың табиғатсыз күні қараң
«Табиғат геосаясатсыз тіршілік ете береді, ал геосаясаттың табиғатсыз күні қараң».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһан елдерінің тұтас экожүйеде өмір сүріп жатқанын еске салды. Саммит кезіндегі сөзінде ол климаттың қауіп-қатері баршаға ортақ екенін атап өтті. Сондықтан мемлекеттеп жауапкершілікті теңдей бөлісу керек деген ойын білдірді. Әсіресе Орталық Азия су тапшылығы, тіршілік нәрін тиімсіз басқару, шөлейттену, ауаның ластануы секілді бірқатар бар. Президент жетістіктерге тоқмейілсіп отыратын заман өткенін, шешім қабылдайтын уақыт келгенін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев экология мәселесінде таңдаулыларға басымдық беру әбестік екенін жеткізді. Әсіресе экономикасын нығайтуға ден қойған дамушы мемлекеттердің қажеттіліктері ескеріле бермейді. Сондықтан «жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс», деді Президент.