Үкімет басшысы мен Парламенттің қос палата төрағалары «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-министр Олжас Бектенов, Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Жеңіс күні бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығы мен татулықты және ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала береді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.