Үкімет басшысы ExxonMobil Upstream компаниясының президентімен кездесті

Қазақстан мұнай-газ саласындағы стратериялық серіктестікті одан әрі нығайтуды көздеп отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амманмен кездесіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы компанияның еліміздің мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, қолданыстағы жобаларды тиімді және жаңа бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты. Өз кезегінде Дэн Амман компанияның Қазақстандағы қызметін ұзақ мерзімге жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. Кездесуде заманауи технологияларды енгізу, өндіріс тиімділігін арттыру және геологиялық барлау жұмыстарын дамыту мәселелері де сөз болды.  Келіссөз қорытындысында тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.