Мәулен Әшімбаев Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл қойды
Сенат Төрағысы Мәулен Әшімбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың елордадағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Салтанатты шараға депутаттар, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, күш құрылымдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер қатысты. Жиында сөз алған жоғарғы палата төрағасы "Біз бұл күні сұрапыл соғыста от кешкен аға буынның жанқияр ерлігі мен қайсар рухына тағзым етеміз. Соның аясында бүгін еліміздің барлық өңірінде ардагерлерімізге құрмет көрсетіліп, майдангерлердің ерліктері дәріптеліп жатыр",- деді.
Роза Тастандиева, Астана қаласының тұрғыны:
- Қазір біз Қошқарбаев атамыздың маңында тұрмыз. Сол кісіні құрметтеп, сол кісіге бас иіп, барлығымыз жиылып тұрмыз. Еліміз, жұртымыз аман болсын, тыныштық болсын, халқымыз аман-есен жете берейік келесі жылдарға. Атамыздың еңбегі көп, ту тіккен керемет.