Астанадағы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін Астанадағы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Салтанатты шараға Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мералиев, кассациялық соттардың төрағалары, қалалық, аудандық соттардың қызметкерлері мен сот әкімшілігі басшылары қатысты. Жиналғандар екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Астанада аға сержант, пулетметші Мәншүк Мәметованың ескерткіші 2018 жылы ашылған болатын. Батыр қыз 19 жасында соғысқа аттанып, 21-дивизия мен 100-атқыштар бригадасының құрамында шайқасты. 1943 жылы ұрыста қаза тапқан соң Совет Одағының батыры атағы берілді.