Қазақстан-Кения: ынтымақтастық арта түсті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы Кения Президентінің елімізге жасаған алғашқы тарихи сапары қос мемлекеттің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеретініне сенім білдірді. Өйткені, Шығыс Африканың жауһары саналатын бұл ел қаржы, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика және басқа да салаларда елеулі жетістікке жеткен. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше құрылымы іске қосылған Найроби қаласы маңызды халықаралық дипломатия орталығы саналады. Сондықтан былтыр Найробиде Қазақстанның Кениядағы елшілігі ашылды. “Бұл шешім Қазақстанның Кенияға шынайы ықыласы мен достығының көрінісі, тиісінше еліміз Африка мемлекеттерімен байланысын бекемдеуге баса мән береді”,- деді Мемлекет басшысы. Кения президентінің Қазақстанға тұңғыш сапары жайлы арнайы материал қазір әзірленіп жатыр. Эфир барысында міндетті түрде беретін боламыз.