Еуропадағы құрылтай концертпен жалғасты

Еуропадағы қазақтар құрылтайы Парижде өнер кешімен жалғасты. Жан-жақтан келген қонақтарға Қызылорда облыстық филармониясының әртістері арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. 

Сыр өнерпаздары Париждегі беделді дипломатиялық залдардың бірі - Cercle de l'Union Interalliée сарайында өнер көрсетті. Сахнада қазақтың әні шырқалып, күйі күмбірледі. Сондай-ақ «Ай-Ару» би ансамблі көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. 

Құрбанәлі, Париж тұрғыны, қазақ диаспорасының өкілі:

- 1980 жылдардан біз осында өмір сүріп жатырмыз. Үлкен қызым Түркияда туды. Одан кейін балаларым осы жерде туды. Енді біздің келешек балаларымыз, қазақтың бірлік, берекесінде жүріп жүрсе болды, басқа арманымыз жоқ.

Метал, Париж тұрғыны, қазақ диаспорасының өкілі:

- Мен 2019 жылы Қытайдан Еуропаға көшкен қазақ боламын. Осы құрылтайдағы ән, би, ауылдағы атмосфера, осындай концерттерден кішкентай кезімдегі концерттер есіме келді, маған қатты ұнады.