Сенатта Әділ Ахметтің 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
Бүгін Сенат қабырғасында ғалым, дипломат әрі Сенаторлар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметтің 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мемлекет және қоғам қайраткеріне Президент құттықтау хатын жолдады. Оны Мәулен Әшімбаев оқып берді. Сенат төрағасы өз сөзінде қайраткердің осы уақытқа дейінгі қызметіне, сондай-ақ түркі интеграциясын нығайтуға және ұлттық парламентаризмді дамытуға сіңірген еселі еңбегіне арнайы тоқталды. Айта кетейік, Әділ Ахмет әр жылдары Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Парламент Сенатының депутаты қызметтерін атқарған. Бұған қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысқан арда азамат.