Мемлекет басшысы Грузия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилиді және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатта достық пен өзара құрметке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Грузия халқына бақ-береке тіледі.