Қазақстан-Ресей: сауда айналымы ұлғайып келеді
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық ұлғайып келеді. Биылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша қос ел арасындағы тауар айналымы 6,46 млрд долларға жеткен.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық. Ал биыл үш ай өзінде елімізден көршімізге жөнелтілген тауар құны 1,5 млрд доллар болса, импорт көлемі 4,96 млрд долларға жеткен. Импорт өсімі стратегиялық маңызы бар тауарлар мен өнеркәсіп өнімдерінің жеткізілімінің артуымен байланысты. Экспорт тауарларының көшін жалпы құны 130 млн доллардан асқан болат прокаты бастады. Сондай-ақ темір кені мен концентраты және алюминий өнімдері Ресей көптеп сатып алған тауар қатарынан орын алды. Импорттық тауарлар туралы айтсақ, бұлардың қатарында табиғи газ, уран, алтын және мұнай өнімдерінің көлемі басым.
Қазақстан-Ресей тауар айналымы
Барлығы – $6,46 млрд
Экспорт – $1,5 млрд
Импорт – $4,96 млрд
Экспорт
Болат прокаты – $131,8 млн
Темір кені – $77,8 млн
Алюминий – $60,5
Импорт
Табиғи газ – $499 млн
Уран – $258,5 млн
Алтын – $211,2 млн
Бауыржан Ысқақ, экономист:
- Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше 5 мемлекеттің арасында Қазақстан өзінің логистикалық хаб екенін, оны ашуға мүмкіндіктерін толыққанды жүзеге асырып отыр деуге болады. Екіншіден, Ресейдің халқына Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін, оның ішінде дайын өнімдерінің сұранысы артып келе жатқанын байқауға болады. Қазақстан енді толыққанды мүмкіндікті өзінің логистикасын дамытуға, өзінің ішкі өндірісін дамытуға қарай бағыттайтын болса, болашақта бұның пайдасы Қазақстанға одан да жоғары болады деп айтуға болады.