«Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы сайланды
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды. Бұл туралы бүгін партияның кезектен тыс съезінде мәлім болды.
15 жылға жуық саяси қозғаушы күшке жетекшілік еткен Азат Перуашев өкілеттігін тоқтатты. Осылайша, Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүрген Дәния Еспаева Қазақстандағы саяси партияны басқарған алғашқы әйел төраға атанды. Жиында партияның ұстанымдарын жаңа Конституцияға сәйкестендіру үшін келіп түскен ұсыныстар сараланды. Мұнымен қоса, басты құжат партия жарғысына өзгерістер енгізілетіні де айтылды.
Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Партияға кеше ғана келмедім. 15 жыл осы партиядамын. Ішкі жұмысын, қағидаттарын және ұстанымдарын білемін. Болашақта да осы командамен жұмыс істеуге дайынбыз. Биылғы сайлауға дайындаламыз. Қазір платформамыз бар. Бірінші жобамызды реттеп алу керекпіз. Өзімнің де көзқарастарым бар. Басты назарды аудандарға бұру керек.