«Ақ жол» партиясы Шымкентте еңбек ұжымымен кездесті

"Ақ жол" демократиялық партиясының мүшелері Шымкентке барды.

Шырайлы мекенде елде теңдесі жоқ алюминий банкалар мен қақпақ шығаратын өндіріс орыны бар. Саяси бірлестік өкілдері заманауи автоматтандырылған желілерді көріп, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кейін еңбек ұжымымен кездесуде бизнесті қолдау, отандық өндірісті жаңғырту және жұмыс орындарын сақтау мәселелері талқыланды. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ұжым мүшелерінің сауалдары мен ұсыныстары тыңдалды.  

Дания Еспаева, "Ақ жол" партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Әрине несиелері бар. Соның бірінші сұрағы осы несиені арзандату, сонымен қатар баспана алу. Заң ретінде кіргізіп, осындай қарапайым халыққа баспана алуды қолжетімді ету біздің міндетіміз деп ойлаймын.