Қ. Тоқаев АҚШ пен Иран келісімін құптады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімді құптады.
Мемлекет басшысы X парақшасына "халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор" деп жазып, тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалайтынын жеткізді. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берітінінен тоқталып, сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттады. Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады деп мәлімдеді.