Ата заң ел жастарының дамуына серпін берді
Жаңа Конституция өскелең ұрпақтың білім алуы, дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Астана қалалық мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұмның пікірі осыған саяды.
Оның айтуынша, жаңа Конституция отбасы институты мен адам құқықтарын қорғау мәселелерін толыққанды қамтыды. Сонымен қатар құжат жастардың саясатқа араласуына, ел басқару ісіне белсене қатысуына мүмкіндік беріп отыр.
Арсланбек Мағзұм, Астана қаласы мәслихатының депутаты:
- Қазір мәслихат депутаттары өзін-өзі ұсыну арқылы болуы мүмкін: облыс, аудан, қала деңгейі болсын. Конституцияда мәслихат пен Құрылтайдың рөлі одан әрі артуда. Жас депутаттарымыз халықтың үнін Мемлекет басшысына жеткізетін жақсы алаң болады деген ойдамыз.