Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басшылық жасады. Комиссия мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі есептерін тыңдады. Атап айтқанда, оқу-ағарту жүйесіндегі мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселесі қаралды.