Қазақстандық делегация Ауғанстанға гуманитарлық миссиямен барды
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға гуманитарлық және іскерлік миссиямен барды.
Қазақстан Ауғанстан халқына жалпы салмағы 318,8 тонна гуманитарлық көмектің кезекті партиясын, сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді. Делегация құрамында отандық жетекші медициналық ұйымдардың 9 маманы бар. Ауғанстандағы қазақстандық медицина күндері шеңберінде олар бір апта бойы тұрғындарға кеңес беріп, медициналық көмек көрсетеді. Серік Жұманғарин гуманитарлық көмек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылғанын атап өтті.