Еуроодақ елдерінен Қазақстанға $211,3 млрд инвестиция тартылған
Соңғы 20 жылда Еуроодақ елдерінен Қазақстанға 211 миллиард доллардан астам көлемде инвестиция тартылған.
Бұл еліміздің инвестициялық ахуалына еуропалық бизнес өкілдерінің үлкен сеніммен қарап, тараптар арасындағы әріптестіктің жоғары деңгейде екендігінің айқын көрінісі дейтін мамандар. Мәселен, 2019-2025 жылдар аралығында Қазақстанда кәрі құрлық елдерінің қатысуымен 53 инвестициялық жоба іске асқан. Бұған 2 млрд АҚШ долларына тарта қаражат құйылып, нәтижесінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс ашылған. Ал қазіргі таңда тағы 120-дан астам инвестициялық жоба қола алынып, 15 млрд доллардан астам қаржы ел игілігіне жұмсалмақ.
2005-2025 жж. - Еуроодақ-Қазақстан - $211,3 млрд
2019-2025 жж. - Қазақстанда - 53 жоба
$2 млрд - 4000 астам жұмыс орны
2026 ж. - 124 жоба ($15 млрд)
Ардақ Зебешов, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы:
- Оның ішінде ең ірілерін айтатын болсақ, ол француз компаниясы мен Тотал энерджи компаниясы бір гигаваттық жел электростанциясын Жамбыл облысында құрылысын бастап жатыр. Ол 1,2 млрд теңгені құрайтын инвестиция. Ал Алматы облысында тамақ өнеркәсібінде Карлсберг компаниясы алкогольсіз сусындар шығару өндірісін бастап кетті. Ол жерде 344 млн АҚШ долларды құрайды. Енді техникалық газдар жағынан қарайтын болсақ, Эйрлюквид компаниясы, Павлодар облысында 105 млн-ға іске асырып жатыр.