Н. Нәлібаев БҚО-ны дамыту барысымен танысты
Орал қаласындағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын.
Ал жаңа Ақжайық ауданындағы құрылыс барысы қарқынды жүріп жатыр. Онда болашақта 50 мың тұрғынға арналған баспана салынып, инженерлік инфрақұрылым жүргізіледі. Атқарылып жатқан жұмыстармен Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев танысты. Жұмыс сапары аясында аймақтағы бірқатар энергетикалық және әлеуметтік жобаның жүзеге асырылу барысын тексеріп, жаңғырту жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.
Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
- Бұған Үкіметтен біраз қаражат бөлінді. Біздің тарапымыздан барынша қолдау жасалып жатыр. Негізінен үшеуін бірінші шілдеге дейін ашсаңыздар дұрыс. Ал енді мына үлкен облыс орталығындағы вокзалды бірінші тамызға дейін міндетті түрде ашу керек.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында Жайық өзені арқылы өтетін көпір салынады. Жобаға 71 млрд теңге қаржы қарастырылған. Нұрлыбек Нәлібаев маңызды нысанды мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын жеделдету қажеттігін атап өтті.