Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды «24KZ».
Құжатта Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусым күні сағат 11:00-де Астана қаласында өтетіні көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, – делінген өкім мәтінінде.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз