Сенат 30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның соңғы отырысында Парламенттің 30 жылдық жұмысына қорытынды жасап, қос палаталы жүйенің өз миссиясын абыроймен аяқтағанын атап өтті, деп хабарлайды «24KZ».
Оның айтуынша, осы кезеңде Сенатта 890-нан астам жалпы отырыс өтіп, 3,5 мыңнан астам заң қабылданған. Олардың ішінде 350-ден астамына депутаттар бастамашылық жасаған.
Жалпы осы жылдар ішінде Сенаттың құрамында 246 азамат депутаттық мандат иеленіп, ұлттық парламентаризмнің дамуына өз үлесін қосты.
Сенат жұмысы заң шығарумен шектелмей, парламенттік тыңдаулар, депутаттық сауалдар және өңірлермен тұрақты байланыс арқылы да жүзеге асып отырған. Осы кезеңде 60-тан астам парламенттік тыңдау өткізіліп, 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылған. Депутаттар тарапынан Үкіметке 3 мыңға жуық сауал жолданып, өзекті мәселелер көтерілген.
1995 жылғы Конституцияға негізделген қос палаталы Парламент өзінің отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды. Бұл — ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды сәт. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қабылданған жаңа Конституция бүкіл саяси жүйемізді жаңғыртып, елдің қарқынды дамуының негізі болатыны сөзсіз, – деді Мәулен Әшімбаев.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз