Астанада «Respublica» партиясының кезектен тыс V Съезі өтті

Астанада «Respublica» партиясының кезектен тыс V Съезі өтіп жатыр. Құрылтай сайлауы алдындағы маңызды басқосуда қандай шешімдер қабылданды?

Съез жаңа ғана аяқталды. Ондағы басты жаңалық ретінде  партия Төрағасының өз орнында қалуы деп айтар ем. Бұған дейінгі саяси жиындарда партия басшылары өзгерген болатын. Ал республикалық делегаттар алдында партияның тең төрағасы Сырымбек Тау Айдарбек Қожаназаровтың өкілеттік мерзімін үш жылға ұзартуды ұсынды. Бұл бастаманы қатысып отырғандардың 591-і қолдап, басым көпшілік дауыспен шешім қабылданды. Съезд барысында сөз сөйлеген партияның өңірлік филиалдарының өкілдері Айдарбек Қожаназаровтың Respublica партиясының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті. Оның жетекшілігімен партия үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде филиалдық желісін қалыптастырғаны, кадрлық резерв құрғаны, Парламентте өкілдікке ие болғаны, сондай-ақ бірқатар заңнамалық және қоғамдық бастамаларды жүзеге асырғаны айтылды