«Ақ жол» партиясы Құрылтайға 63 кандидат ұсынады

«Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Құрылтай сайлауына 63 кандидат түседі. Нақты тізім бүгін елордада өткен съезде белгілі болды.

Оған өңірлік партия конференцияларында өкілдік ету нормаларына сәйкес сайланған 208 делегат қатысып, бірқатар мәселе талқыланды. Бұл қатарда партия атынан сайлауға ұсынылатын кандидаттар тізімі мен саяси бағдарламасын бекіту және ұйымдастыру жұмыстары бар.     

Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Үміткерге қоятын алғашқы талабымыз – партия құрамында ұзақ уақыт болуы тиіс. Одан кейін кәсіби деңгейі жоғары болуы керек. Себебі президент болашақ Құрылтай кәсіби макмандардан құралуы керегін айтты. Өздеріңіз білесіздер, «Ақ жол» ширек ғасырға жуық жұмыс істеп келе жатқан партия. Сондықтан біздің қатарымызда әр саланың нағыз мамандары жетерлік. Біз тізімге осы жандарды қостық.