Конституциялық Сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады немесе қайта сайлана алады.

ҚР Конституциялық Соты жаңа Ата заңдағы лауазымдық шектеулерге қатысты маңызды түсіндірме берді. Бұл Президенттің, Конституциялық Сот төрағасының, Бас прокурордың және Жоғары Сот Кеңесі төрағасының қызметіне қатысты шектеулер. Нақтырақ айтсақ, 1995 жылғы Конституция кезінде осы лауазымдарды атқарған мерзімдер есепке алынбайды.