Саяси партиялардың жауапкершілігі артты
Құрылтай сайлауы саяси партиялардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады.
Саясаттанушы, ғалым Әкежан Кеңесов осындай пікірде. Сарапшының айтуынша, алдағы сайлаудың маңыздылығын айқындайтын бірнеше фактор бар. Соның бірі сайлаудың пропорционалды жүйе арқылы өтуі. Бұл жүйе сайлаудың тұлғалық сипаттан мазмұндық сипатқа көшуіне мүмкіндік береді. Сайлаушылар жекелеген азаматтарды емес, көзқарасымен сай келетін партияларды таңдайды. Бұл саяси ұйымдарға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Әкежан Кеңесов, саясаттанушы:
- Қазіргі таңда партиялар, бұл бірінші кезекте, өзінің жалпы сайлауалды бағдарламасына көбірек көңіл бөліп, оны халықтың алдында уәде бергеннен кейін орындауға да тырысатыны анық. Енді жалпы Құрылтайдың маңыздылығына келетін болсақ, бірінші кезекте, әрине бұл тарихи саяси науқан деп айтуымызға болады. Өйткені екі палаталы, жаңағы Парламенттен бір палаталы Құрылтайға көшейін деп жатырмыз.