Ұлытау облысының әкімі тағайындалды

Ұлытау облысына да жаңа әкім тағайындалды. Аймақтың жаңа басшысын Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр таныстырды.

Облыс әкімі лауазымына екі кандидат ұсынылды. Олар – Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев. Ашық дауыс беруге 64 депутат қатысып, 87 пайызының таңдауы Есет Байкеннің кандидатурасына түсті. Осылайша, Есет Байкен Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Жиында Үкімет басшысы жаңа Конституцияның күшіне енуі ел дамуындағы маңызды тарихи кезеңнің бастауы болғанын атап өтіп, Президенттің өңір басшылығына жүктеген тапсырмаларына тоқталды. Тиісінше өңдеу өнеркәсібі мен шағын және орта бизнесті дамыту үшін ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру міндеті қойылып, агроөнеркәсіптік саланы қалыптастырудың маңызын жеткізді.