«Союз МС-28» ғарыш кемесі Жезқазғанға қонды
«Союз МС-28» ғарыш кемесі Жезқазған маңына сәтті қонды. Бұл туралы Роскосмос хабарлады.
Ғарыш кемесінің бортында ресейлік ғарышкерлер Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев және NASA астронавты Кристофер Уильямс болды. Олар өткен жылдың қараша айынан бері Халықаралық ғарыш станциясында ғылыми зерттеулер жүргізді. Экипаж Байқоңырдан ұшырылған.